Басты Жаңалықтар 29 мамыр күні Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді

29 мамыр күні Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді

29 мамырда Астана халықаралық форумы өтеді. Жиын аясында елімізге бірқатар елдің Президенттері мен лауазымды тұлғалары келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев олармен келіссөздер өткізеді деп жоспарлануда. Форумға Руанда, Солтүстік Македонияның лидерлері, Хорватия Премьер-министрі мен Германия Бундесраты Төрағасы қатысады. Форумнан соң «Орталық Азия – Италия» саммиті өтпек. Бұл күні Италия Премьер-министрі ресми сапармен келмек. Сондай-ақ 31 мамырда Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

28–29 мамыр – Руанда, Солтүстік Македонияның Президенттері, Хорватия Премьер-министрімен кездесу

28 мамырда – Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездесу

29 мамыр күні – Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді

30 мамырда – елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады

31 мамырда – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

Динара Жарқынбек

Бөлісу