Көпке танылып үлгермеген еліміздегі ерекше орындар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпке танылып үлгермеген еліміздегі ерекше орындар

18.05.2025

Біздің арнаның диджитал бөлімі жеріміздің тамаша бұрыштары туралы инфографика жасады. Көпшілік аса мән бермей жүр.

1.Тарбағатай таулары.

Бұл – еліміздің шығысындағы оқшау орналасқан таулы аймақ. Мұнда петроглифтер, жайлаулар және табиғи ландшафттар сақталған.

2. Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығы

Астанадан екі сағаттық жерде орналасқан қорық – қоқиқаздар ұя салатын аумақ. Қорық ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірген.

3.Маңғыстаудың солтүстік бағыты

Бұл өңірдің әлі кең танылмаған, ерекше табиғи және тарихи нысандарға бай бөлігі. Олардың қатарында – Жығылғанның құлауы, Қапамсай шатқалы, Торыш шарлары алқабы, сондай-ақ Сұлтан үпі мен Шақпақ-Ата жерасты мешіттері бар.

4.Оңтүстік Қазақстанның үңгірлері мен шатқалдары

Ақмешіт үңгірі – ішіне күн сәулесі түсетін алып қуыс. Сондай-ақ, Түркістан облысында орналасқан Сайрам-Су шатқалы - Батыс Тянь-Шаньның көрікті бөлігі. Мұнда сұлу тау тізбегі, сылдырай аққан өзен бар.

5. Алматы облысындағы Түрген шатқалы мен сарқырамалары.

Бұл жер Алматыдан 90 шақырым жерде орналасқан. Айнала көкпеңбек. Жап-жасыл шалғындар, аршалы ормандар, бұғы фермалары мен аю сарқырамасы секілді бірнеше сарқырама бар.

Жол, басқа да игіліктерді күтіп жата бермейміз ғой, барған керек. «Туу, не деген сұлулық!» деп марқайып, жадырап, демалып қалатынымыз шын. Тек жүрген жерімізде былғамай, қоқысты жинап әкетіп отырайық.


Хабарламаларға жазылу