Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарасақ, бір жылда жаңа тұрғын үй бағасы 8,3 пайыз өскен. Өткенде Парламентте ҚҚС талқыланғанда құрылыс компанияларының 2008 жылдан бері бұл салықтан босатылғаны, алайда баспананың анау айтқандай қолжетімді болмағаны айтылды.
Салық жеңілдігін пайдаланған құрылыс компанияларының мұрты әбден майланды. Тұтынушы? Қайдағы тұтынушы...
Экономикалық шолушы Айбар Олжай құрылыс компанияларының байланыс «көпірін» тұрғындармен емес, билік тармақтарымен арада орнатқанын айтады. Немесе тұрғындармен опырылып түсуі мүмкін солқылдақ көпір, ал мәселе шешетіндермен ғасырлар бойы тұратын көпір болады, сондай. Тиісінше, түрлі жеңілдіктер, үлкен кірістер. Бірақ үй арзандамады...
Ипотекалық бағдарламалар әрине, сүйеніш. Дегенмен оның да кілтипандары жетеді. Тұрғын үй нарығының түрлі «көпірлері» туралы Амангелді Сейітханның материалы.
