Қазақтың соғысқа қатысқан жазушысы бар – Тахауи Ахтанов. Шығармасы аз емес, бірі – «Шырағың сөнбесін». Осы роман керемет роман екенін білесіз бе?! Екінші дүниежүзілік соғыстың бар қасіретін қазақтың көзімен көрсете білген бір роман болса, ол – «Шырағың сөнбесін» деп жазды сыншылар.
Әскери адамның келіншегі - Нәзира соғыс шебінде қалып қояды. Жап-жас Нәзираның екі баласын құшақтап, елге оралғанға дейінгі жолы - азап өмірі баяндалған шығарманың айтар ойы да, оқиғалар да ерек.
Тіпті подтекст дейді ғой, астары – қалың. Света есімді келіншектің өзін қорлайды деп ойлайтын неміс офицерінің оған мүлде басқа қарым-қатынас жасағаны, кейін ешбір қорлықсыз жау офицерінің айтқанының бәріне көне бергені - адам жанының иірімдері соншалықты күрделі екенін көрсетеді.
Жалпы бұл шығарма соғыстың зұлымдығына көп қасірет көріп, азап шексе де, соның бәрін мойымай көтере білген қарапайым қазақ әйелі Нәзираның жанкештілігі қарсы қойылған роман. Демек роман өмір үшін, тірі қалу үшін күрескендер туралы.
Адам өмірінен құнды ешнәрсе жоғын дәлелдейді. Өзегінде осы қарапайым қағида жатқан Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы керемет деп сипаттағанымыз да сол - әлемдік шедевр шығармалармен үндес.
Соның бірі Эрих Мария Ремарктің «Батыс майданда өзгеріс жоқ» романының атауын қазіргі ситуацияға салып жиі қолданамыз. Айтпақшы бұл шығарма желісімен кино да түсірілген. Пропагандадан ада мықты бірнеше кино және кейбіреулердің тіпті өз тарихынан неге сабақ алмайтыны туралы Амангелді Сейітхан материал дайындады.
