Былтыр іске қосылған дәрі-дәрмекті таңбалау жүйесіне 5 мыңнан астам субъект тіркелген. Оған препарат өндіретін кәсіпорындар мен дәрі сақтайтын қоймалар, медициналық ұйымдар және дәріханалар кіреді. Мақсат – жалған дәрілермен күрес. Яғни база дәрінің қайда, қашан, шыққанын бақыламақ. Демек, зауыттан дәріханаға, сосын тұтынушыға дейін қадағаланады. Бұған дейін кейбір кәсіпкерлер техникалық ақауларға байланысты шағымданған еді. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жүйенің жұмысын жақсарту жұмыстары жалғаса бермек.
Ләззат Айтымбетова, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Апта сайын жергілікті денсаулық сақтау басқармаларымен жиналыс өткіземіз. Ол жерде бірыңғай дистрибьютерлердің өкілдерді қатысады. Сол жүйеге қатысушылар қатысады. Сол жерде айтылады қандай жерде қандай кемшіліктер болып жатқаны. Соған уақыт беріледі, соны кезең-кезеңмен жөндеп отырмыз.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілі таңбалау міндетті екенін жеткізді. Ережені бұзса, 70-1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде талапты орындамасы кәсіпкер 6 айға лицензиясынан айрылады.
Асылбек Данияр
