Қазақстан арнасы ұсынған төл өнім - «Жабайы алма» телехикаясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан арнасы ұсынған төл өнім - «Жабайы алма» телехикаясы

04.05.2025

Өткенде соғыс туралы әндер деген бейнематериал жасаған едік. Кейін ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса хабарласып, «Соғыстан қайтқан солдаттар» мен «Кестелі орамал» әндері қалып кетіпті деді. Біз ұялып қалдық.

«Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар.

Көрдің бе ұлын ананың,

Соғыстан қайтқан солдаттар?!»

Сұм соғыстың бүкіл трагедиясын соншалықты дәл сипаттап жазған – қазақтың классик ақыны Сырбай Мәуленов. Әнін батыс қазақстандық әуесқой композитор Темірбек Әбілхатин жазған. Рас, соғыс туралы әндердің көшін бастауға лайық ән!

«Кестелі ақ жібек орамал,

Алыстан жолдаған сүйген жар.

Жауынгер жарым, сен есіңе ал,-

Деп жазған оюлап хаты бар.»

 Қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевтың Асқар Лекеровтың сөзіне жазған «Кестелі орамал» атты кестелі әнін де Жеңіс күні шырқап қойсақ.

Жеңістің 80 жылдығына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Жабайы алма» телехикаясы 9-11 мамыр аралығында 22:15-те «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Иә, бұл – Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесінің желісімен түсірілген телетуынды. «Балалық шақтан әсіресе мықтап жадымда қалғаны: көктемге қарайғы апам мен Нәзира әпкемнің жұмыстан шаршап титықтап қайтқан кейіптері. Күн ұзын соқамен жер жыртып, қара суықта өңдері қап-қара боп тотығып, шаң-топыраққа батып, әбден қалжырап қайтатын».Сайын Мұратбеков «Жабайы алма» повесінде соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, ауыр тұрмысты бала көзімен, әйелдер образы арқылы осылай сипаттап береді. Бұл – қазақ ауылдарының бәріне тән жағдай еді.


Хабарламаларға жазылу