ШҚО-да ерекше балаларды оңалту мәселесі әлі де өзекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ерекше балаларды оңалту мәселесі әлі де өзекті

03.05.2025

Қазір елімізде 230 мыңға жуық ерекше бала бар. Олардың саны жыл сайын көбейіп барады. Бес жыл бұрын тек Шығыс Қазақстан облысында түрлі диагноз қойылған 9 мың бала болса, бүгінде 11 мыңға жеткен. Ал ең негізгісі ерекше балаларға білім беру. Сондықтан Өскемендегі педагогикалық университет үш жыл бұрын инклюзивті білім беру орталығын ашқан. Нәтижесінде бүгінге дейін 108 бүлдіршін оңалтаудан өтіп, үздіксіз білім алып жүр.

Сегіз жастағы Айзеренің құлағы туғанна бастап дұрыс естімейді. Ұзақ уақыт ем-домнан соң біртіндеп ести бастады. Екі жыл бұрын университетте ашылған арнайы орталықтағы мамандардан алған сабақтың нәтижесі.

Балжан Құмарова, қала тұрғыны:

Айзере де  бастапқы да сөздік қорында азсөздер болды.Сөйлемдерді  қосып оқу кезінде қиындық туындайтын. Осы орталыққа келгеннен бастап мысалы Айзере  барлық сөздерді біле бастады. Сөздік қоры көбейіп, өзі сөйлемдерді  жақсы құрай алады. 

Жақсарып келе жатқаны үздіксіз оңалту жұмыстарының арқасы. Сондықтан «Дана бала» орталығында ерекше балалардың білім алып, оңалуына басымдық беріледі. Педагог, психолог, логопед, дефектолог бәрі жұмыла жұмыс істейді.

Рауан Байшынов саңырау және тілі мүкіс балаларды оңалтуға арналған қазақша әдістеме жазған жалғыз ғалым. Қазір орталықтағы мамандар сол әдістемені қолданады. Жас ғалымның зерттеуі бойынша ерекше бала оңалуы үшін кешенді жұмыс болуы керек. Оған қоса бір балаға бірнеше диагноз қойылуы мүмкін.

 Рауан Байшынов, логопед-дефектолог:

Бізде адамдардың арасында баланың есту қабілеті ғана бүзылған деген пікір қалыптасқан. Есту қабілеті бұзылса да, басқа да екіншілік,үшіншілік ауытқуларға алып келуі әбден мүмкін. Есту қабілеті бұзылған балада сөйлеу тілі болмауы мүмкін. Сөйлеу тілі болмаса танымдық жағынан кешеуілдеуі мүмкін. Сондықтан бұл жерде жұмыс кешенді түрде болады.

Кешенді жұмыс болу үшін орталықтағы мамандар ерекше балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистенттерді даярлықтан өткізеді. Былтыр 154 маман арнайы курс оқыған.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:

Біз арнайы  лицензия алдық. Біздің Аманжолов университетінде балабақша да орта мектепте үздіксіз білім алуына жағдай жасап отырмыз.Мемлектетік тілдегі оқулықты бірінші болып қолға алдық.

Соңғы 10 жылда тілі мүкіс және құлағы естімейтін балалар күрт көбейген. Өскемендегі арнайы балабақшада қазір 150 ден аса бала бар. Ал қазақ топтары енді ашылып жатыр. Өйткені мемлекеттік тілді жетік білетін, білікті дефектолог-мамандар әлі де жеткілксіз болып тұр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу