Басты Жаңалықтар Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды

Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды

Енді концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды. Бұл Президент қол қойған заңның төртінші бөлігінде көрсетілген. Бұл ереженің телевизиялық түсірілімдерге, жабық өтетін іс-шараларға қатысы жоқ. Бұған қатысты өнер адамдарының пікірі екіге бөлінді. Бірі жанды дауыста ән айтуды қолдаса, енді бірі көп жерде фонограммасыз ән айтуға жағдай жасалмаған дегенді алға тартады. Сондай-ақ, жаңа заңда авторлық құқыққа баса мән беріліп отыр. Яғни радио, теледидар, интернет-платформаларда музыка, бейне, мәтін, сурет сияқты авторлық контент қолданылған жағдайда автордың аты-жөнін нақты көрсету керек. Бұл талап орындалмаса, авторлар сотқа жүгініп, моральдық және материалдық өтемақы талап ете алады.
Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші:

Мен ойлаймын 80-85% біздің әншілеріміздің бәрі фонограммамен айтады. Керек десең, бұл фонограмманың ең сорақысы – өзінің айтып жүрген әнінің сөзін білмейді. Осыдан 10-15 жыл бұрын осы заңды шығару керек еді. Біздің өнер адамдарының өсуі үшін. Жолға қойылған заң, жұмыс істейтін заңды алға қоймайынша біздің өреміз де, біздің биіктігіміз де, ізденісімізде ешқашан дамымайтыны анық.

Бөлісу