Басты Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды

Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды

Елде ауыл шаруашылығы саласы дамыған Түркістан облысында 10 айда 1 трлн 86 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі ұлғайып, 907 мың гектарға жеткен. Бүгін Сенат депутаттары өңірге іс-сапармен барып, өндірістік парк пен «Түркістан» индустриялдық аймағының жұмысымен танысты. Көкөніс сақтау қоймасын аралап, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесінің өндіріс барысын көріп шықты. Комитеттің көшпелі отырысы өтіп, онда қайта өңдеу және тоқыма өнеркәсібінің ауқымды шикізат базасын қалыптастыру жайы сөз болды. Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүреков су үнемдеу технологияларын қолданудың қажет екенін түсіндірді. Мақта кластері бойынша шикізат өндіруден дайын өнім шығаруға бейімдеу мақсатында үш жобаны іске асыру қолға алынатынын жеткізді.

Бөлісу