Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл соңына дейін сиыр етін елден әкетуге сандық шектеу енгізді. Лимит 13 000 тонна. Министрлік мәліметінше, бұл - мал басы мен ет өңдеу кәсіпорындарының мүмкіндігін, бордақылау алаңдарының қуаттылығына қарай белгіленген. Вице-министр жаңа ережеде ең алдымен ішкі нарық мәселесі ескерілгенін жеткізді.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Ауылшаруашылық құрылымдар егер де сыртқа шығаратын болса, 15 пайызын ішкі нарыққа жіберіп отыруы керек. Сонымен біз теп-теңдікті сақтаймыз деп отырмыз. Соңғы 2 айда ет бағасы төмендеді. 3100 бен 4,5 мыңның көлемінде сату орындарынан сатып алуға мүмкіндік бар.10 айда ет өндіру көлемі 2,8%-ға өсіп, 914 мың тоннаға дейін жеткен. Сондай-ақ сүт өндірісі 5,2%-ға артқан. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 3 трлн теңге. Кәсіпорындар 30 мың тоннадан аса сиыр етін сыртқы нарыққа шығарса, қой етінің экспорты 25 мың тоннадан асқан.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14