Басты Жаңалықтар Жылдың үздік волонтерлері анықталды

Жылдың үздік волонтерлері анықталды

Жылдың үздік волонтерлері анықталды. Халықаралық еріктілер күніне орай өткен салтанатты шараға елдің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық ұйым қатысты. Сондай-ақ, Ресей, Әзербайжан, Түркия мен Қызрғызстаннан белсенділер келді.
Игі істердің бастауында жүргендердің бірі – Әлішер Садық. Күн-түн демей хабар-ошарсыз жоғалғандарды табуға көмектеседі. Волонтерлікті он жыл бұрын бастаған ол бүгінге дейін жүздеген адамды жақындарымен қайта қауыштырған.
Әлішер Садық, ерікті:

Көбіне кішкентай балаларды, бізде әлеуметтік желілер жақсы дамыған. Одан бөлек чаттар бар. Оңай табады. Ал табылмай жатса іздеуге шығады. Күнімен түнімен өзеннің арасын, тау-тастың арасын, қаланың ішін аралап жүріп.
Әлішер қазір Ақтөбедегі жастар ресурстық орталығын басқарады. Мұнда да 60-қа жуық волонтерлік топтың жұмысын ұйымдастырады. Бүгін осы еңбегі үшін "Игі істер" морофонында үздік атанды. Ал Ақбота Болатбекқызы балалар мен жасөспірімдерді игі істерге баулып жүр. Астанада 3 мыңдай жас еріктінің басын қосқан «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі.
Ақбота Болатбекқызы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының штаб жетекшісі:
Мектептегі волонтерлікті Қазақстанда дамытып жатқан бірден бір ұйымбыз + 00 34 Волонтерлікпен ғана айналыспайды, сонымен қатар мектептегі оқушылардың әлеуетін көтерумен шұғылданыды. Осы орайда біз олардың қоғамдық маңызы бар іске атсалысқанын қолдаймыз.
Бүгін «Жыл еріктісі» премиясы 46 еріктіге табысталды. Олардың арасында волонтерлікті халықаралық деңгейде меңгергендер бар.
Айбек Аяпбергенұлы, Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі:
Түркия еліне барып, 10 күн волонтерлік жобаларға қатысып қайтты. Волонтерлікті көпшілік жай көмек беру немесе бір корзинаны екіншісіне жеткізу деп ойлайды. Негізінде олай емес, волонтерліктің өзінің мәдениеті, қалыптасқан заңдылығы бар.
Елдегі волонтерлік топтардың саны кейінгі 5 жылда 5 есе өскен. Мәселен, 2019 жылы 200-дей ұйым болса, бүгінде мыңға жуықтады.

Бөлісу