Парламент делегациясы Волгоградта өткен халықаралық форумға қатысты
Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Волгагрдта өткен «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумында сөз сөйледі. Бұл жиын Жеңістің 80 жылдығына арналды. Форумға Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Сербия, Словакия және басқа да елдердің Парламент делегациялары қатысты. Мәжіліс спикері Сталинград майданында үш жүз мыңнан астам қазақстандық жауынгер ерлікпен шайқасқанын еске салды. Солардың төртеуі – Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Тимофей Позолотин және Ғаяз Рамаев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Мамаев қорғанындағы еске алу іс-шараларына қатысты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Біз осынау қасиетті жерде II дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз. Бұл Жеңіс – дүниежүзілік маңызы зор тарихи оқиға. Соғысты, қаһармандарды, олардың ерлігін мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды» деген сөзіне назар аударғым келеді.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44