Түркияның кей өңірлерінде жеміс ағаштарының 60 пайызын үсік шалған
Түркияда өткен аптада күннің күрт суытуынан 34 облыста 16 түрлі өнімді үсік шалған. Кей өңірлерде гүлдеп тұрған ағаштардың 10 пайызы үсіп кетсе, кей жерлерде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін жетеді. Қазір әр шаруашылықтың шығыны нақты есептеліп, мемлекеттен көмек беру мәселесі қарастырылып жатыр. Министрдің айтуынша, суыққа ұрынған өнімдердің барлығы дерлік жеміс-жидектер. Сондықтан биылғы жазда көкөніс тапшылығы болады деген пікірлер негізсіз. Естеріңізге салайық, өткен аптада Түркияда ауа температурасы минус 15 градусқа дейін төмендеп, соңғы 30 жылдағы ең суық ауа райы тіркелген болатын.
Ибраһим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі:
Нақты шығындарды есептеу үшін тағы біршама уақыт қажет. Себебі кей өнімдер суыққа ұрынса да қайта гүлдеп, жеміс беруі мүмкін. Ауыл шаруашылығы сақтандыру полисі бар диқандардың шығындары бірден өтеледі. Ал сақтандыруы жоқ шаруашылықтардың егістікке жұмсаған нақты қаржылары ғана қайтарылады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18