Қытай тариф соғысынан қорқа ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай тариф соғысынан қорқа ма?

20.04.2025

«Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды» деп хабарлады Ақ Орда сайты.

АҚШ-тың тариф соғысындағы басты нысана – Қытай қандай ұстаным ұстап отыр? Си жолдастың жоспары қандай? Орталық Азия, оның ішінде біздің елімізге байланысты нендей әрекет қылады? Еуропаға Орталық Азия мен Кавказ арқылы шығатын Орта дәлізді кеңейту жоспары жылдамдай ма? Бұл бірінші мәселе.

Екінші, Америка нарығы жабылған соң, Қытай тауарларын сататын дәліздердің бейнелеп айтқанда қораптарға тіпті толатыны түсінікті. Онда кеден бойында контрабанда одан сайын артпай ма? Бюджетке бір тиын салық түсірмейтін контрабандалық тауар саудасы ауыздықталса, қазынаның бір бүйірі емес, бірнешеуі толар еді. Экономист Қайырбек Арыстанбеков бізге берген сұхбатында жалпы көлеңкелі экономикада 20 трлн-нан аса теңге айналады деген.

Амангелді Сейітхан талдайды.


Хабарламаларға жазылу