Ақмола облысының Ақкөл қаласында суперкомпьютер іске қосылды
Ақмола облысы Ақкөл қаласында жаңа «Param Bilim-2» суперкомпьютері іске қосылды. Суперкомпьютер – бұл өте жылдам, қуаты жоғары құрылғы. Мысалы бір зерттеуді кәдімгі компьютер 1 ай есептесе, ол бірнеше сағатта немесе минутта орындайды. Секундына миллиондаған, тіпті миллиардтаған есептеулер жасай алады. Негізінен ауа райын болжау, ғарыштық зерттеулер жасау, жасанды интеллектті дамыту сынды күрделі жұмыс атқаруға арналған. Жобаны Еуразия ұлттық университеті мен «Қазақтелеком» компаниясы бірлесіп жүзеге асырған.
Динара Щеглова, Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Осы жоба аясында бізде мыңдаған жаңа стартаптар пайда болады. Осы жаңа стартаптар пайда болу үшін әрине бізге қуаттылық керек, суперкомпьютерлер керек. Мысалы, барлық жасанды инттелектке жасалған жаңа жобалар осы суперкомпьютерлерде орналасады.
Ерлан Сыдықов, ЕҰУ ректоры:
Өткен жолы құрылтайда Мемлекет басшысы ғылыми қалашықтар мәселесін дұрыс жолға қою туралы айтқан болатын. Міне Ақкөл қаласы осы ғылыми қалашыққа сұранып тұрған жер деп білемін. Астанадан алыс емес, 100-ақ шақырым. Тұрған жерінің барлығы орманның іші. Ғылым тыныштықты қажет етеді. Жағдайды жасаса ғалымдарға, осы жерге келіп, көптеген жаңалықтардың куәсі әбден бола аламыз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00