Оралда «Өнегелі ұрпақ» тазалық іс-шарасы өтті
Оралда «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» атты іс-шара өтті. Бұл жолы жастар аға-буын өкілдерімен бірлесіп, сенбілік ұйымдастырды. Еңбек ардагерлері тазалық сақтаудың маңызы жайлы ақыл-кеңесін айтса, жастар аумақты күл-қоқыстан тазартты. Тал-терек түбін қопсытты. Бұл құр экологиялық емес, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін тағылымды шара болды, дейді қатысушылар. Бұдан бөлек, қалада апта сайын эко-батл челленджі өтеді. Оған төрт жоғары және 20 арнаулы оқу орнының студенттері қатысып, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлес қосып жүр.
Дулат Жүсіпқалиев, қалалық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы:
Апта сайын 15 аумақты тазалап, сол жерде креативті түрде экопосттар жариялап, жарыс түрінде өтіп жатыр. Қазірдің өзінде төрт жоғары оқу орнын марапаттаған болатынбыз. Жастар арасында тек бір бағытта ғана емес, жасыл аймақ, ағаш отырғызу экологиялық акцияларын өткізіп жатырмыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15
Саяси жүйе жаңарды
30.10.2026, 20:09