Алматыдағы аттракционда болған оқыс оқиғаға қатысты тексеріс басталды
Полиция Алматыдағы ірі ойын сауық алаңында болған оқыс оқиғаға қатысты тексерісті бастады. Демалыс күні мегаполистегі алып әткеншек 25 метр биіктікте тоқтап қалған еді. Тұрғындардың дәрменсіз күйі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ойын техникаларының көбі тозған, жарамдылық мерзімі өткен деп сынады жұрт. Үлкен атракционды мамандар 20 минут ішінде жөндеп, қайта іске қосты. Зардап шеккендер жоқ.
Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Аталмыш дерек бойынша қазіргі таңда Бостандық аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Барлық объективті мән-жайлар анықталып, құқықтық баға берілетін болады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17