Жаңа заңның арқасында псевдопсихологтарға тыйым салынады
Елімізде псевдо-психологтар көбейді. Құқықтық реттеудің болмауынан «психолог» атауын арнайы білімі де, тиісті дайындығы да жоқ адамдар қолданып жатыр. Бұл қоғамға пайдасынан гөрі орасан зиянын тигізуде. Сондықтан саланы реттейтін психологиялық қызмет туралы заң жобасы дайындала бастады. Бұл туралы «Amanat» партиясының «Әлеумет» диалог алаңында айтылды. Саяси ұйымның хатшысы Шолпан Каринованың айтуынша, заң психолог атануға кімнің құқығы бар және қандай негізде екенін айқындайды. Сонымен бірге кәсіби және этикалық стандарттары бекітіліп, халықтың қауіпсіз әрі білікті көмек алуына мүмкіндік береді деді.
Шолпан Каринова, «Amanat» партиясының хатшысы:
Тиісті заң жобасына қатысты заңның сұлбасы жасалды. Бірінші нұсқасы жасалды. Оған бүгінгі күні жоғары оқу орындарынан, жеке орталықтардан, практик-психологтардан 200-ден астам ұсыныс келіп түсті. Заңды жасайтын осы психологтардың өздері. Психологтарға арнап халыққа тиісті мамандандырылған сапалы психологиялық көмек жұмысын реттейтін заң жасап береді деп есептейміз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18