Елдегі экожүйені сақтау үшін жаңа жоба іске қосылды
Елде экожүйені реттеуге арналған жаңа жоба пилоттық режимде іске қосылды. Астанада қоршаған ортаны пластиктерден тазартуға негізделген Smart Plastic Zone жобасының таныстырылымы өтті. Жаңа бастама әзірше Астанадан бөлек Алматы және Қарағанды қаласында жүзеге аспақ. Мамандардың сөзінше, жоба қоршаған ортаны шірімейтін пластмасса құтыларынан тазартуға көмектеседі. Яғни ел тұрғындары мен бизнес өкілдері пайдаланған қатты қалдықтарын қайта кәдеге жарату кәсіпорындарына өткізе алады. Егер көпшілік пластиктерді тапсыруды әдетке айналдырса, Қазақстанның тазалығына емес, ғаламдық экологияның бүлінбеуіне зор септігін тигізеді, - дейді.
Дәмиля Құнанова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туризм Департаментінің бас директоры:
Смарт пластик зона жобасының беташарына келдік. Негізі бұл жоба туризм саласында кәсіпорындарға, соның ішінде ресторан, қонақүйлерге, курорттық аймақтардағы қонақүйлерге керекті жоба. Негізі қоқыстар көп. Соның ішінде пластик қоқыстар көп.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06