Басты Жаңалықтар «Шабыт» сахнасында Тельман Нүркеновтің «Ән қанатында» атты шығармашылық кеші өтті

«Шабыт» сахнасында Тельман Нүркеновтің «Ән қанатында» атты шығармашылық кеші өтті

Кеште қазақтың дәстүрлі әндері мен тағлымға толы термелер орындалды. Ескі, әрі есті әндерді естіген көрермен Тельманның талантына тәнті болып, қоңыр дауыс иесіне ерекше қошемет көрсетті. Сондай-ақ, сахнада әншінің қызы мен шәкірттері ән салды. Тельман Нүркенов өзінің шығармашылық кешін Қазақ Ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арнады.

Қайрат Байбосынов, Қазақстанның Халық әртісі:

 - Тельман - біздің университетіміздің беделді мұғалімі, шәкірт тәрбиелеп, үлкен шығармашылық ізденіс үстінде жүрген азамат. Оған шығармашылық табыс тілеймін.

Досымжан ЕРМҰРАТ 

Бөлісу