«Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы көрерменге жол тартады

02.03.2025

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 20 ғасырдың басында жоғары білім алып, ағартушылықпен айналысқан қазақ қыздары туралы деректі фильмдер түсірді.

Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш дәрігер Аққағаз Досжанова мен Гүлсім Асфендиярованың, мұғалім, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Құлжанова мен Хұсни-Жамал Нұрлыханованың өмір жолына арналған.

Деректі фильмдер Өзбекстан, Ресей елдерінде де түсірілді және жобаға отандық, шетелдік 50-ден аса зерттеуші атсалысты. Жобаның авторы белгілі журналист – Әлия Әшім.

Фильмдерде бұрын еш жерде айтылмаған деректер, архив сөрелерінде қалып қойған ақпарат бар. Таныстырылымға қатысқан ғалым Айгүл Ісмақова толқып сөйледі.

«Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы «Qazaqstan» телеарнасының эфирінде 8-9 наурыз күндері сағат 15:25-те тұр. Бұл ерек жұмысты көрген керек.


Хабарламаларға жазылу