Оралда 3 күнде бір айлық мөлшердегі қар түсті
Оралда үш күнде бір айлық мөлшердегі қалың қар түсті. Ал бүгіннен бастап Ресейдегі Иреклі су қоймасынан Жайыққа су жіберу көлемі секундына 156 текшеметрге дейін артты.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, ай басынан бері өңірдің төрт ауданы мен Орал қаласында шамадан тыс көп қар жауған. Атап айтқанда, Бәйтерек, Шыңғырлау, Сырым, Теректі аудандарында жауын-шашын түсімі мол. Соңғы күндердегі аяздың әсерінен облыста топырақтың қату тереңдігі ұлғайып, былтырғыдан асып түскен. Әсіресе Орал қаласы мен Бөрлі, Шыңғырлау, Бәйтерек аудандарында тоң қалың дейді мамандар. Жалпы, өңірде 58 ауылда су басу қаупі бар.
Бүгіннен бастап Иреклі су қоймасынан Жайыққа секундына 156 текшеметр су жіберу басталды. Бұған дейін жоғарыдан 108 текшеметр су ойысқан еді. Бірақ мамандар бұдан қауіптенудің қажеті жоқ, дейді. Өйткені Ресейден судың осылай біртіндеп келгені бізге ұтымды болмақ. Мамандар биыл Жайық өзені алты жарым метрге дейін көтерілуі ықтимал деп болжап отыр. Былтыр дария деңгейі шарықтау шегінен асып, 8,6 метрге дейін жеткен еді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі»
01.10.2026, 10:42
Ақмолалық әскери тұтқындар туралы ғылыми монография жарық көрді
01.10.2026, 10:10
Швейцария мұздықтары жылдам еріп жатыр
01.10.2026, 10:07
Flydubai ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр
01.10.2026, 10:06
Кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштері автоматты түрде бақыланады
01.10.2026, 10:05
Қазақстан ЖИ және адам капиталын ұштастыру индексінде 55-орынға шықты
01.10.2026, 10:05
«Ұлттық мүдде – бірінші орында»: Ерлан Қарин Президенттің мәлімдемесіне тоқталды
01.10.2026, 10:03
Президент Қазақстанның инвестициялық және инновациялық мүмкіндіктерін таныстырды
01.10.2026, 10:02