Павлодарда мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылып кетті
Павлодар облысында мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылып кетті. Ақсу қаласына қарасты Береке ауылының бөлімшесіндегі нысан осыдан 30 жыл бұрын салынған. Бастапқыда баспана ретінде пайдаланылған. Кейін екі үйдің бір жақ бөлігі мемлекет меншігіне сатып алынып, 4 сыныптық мектеп жасақталған. Ауылдан тұрғындар жаппай көше бастаған соң білім ошағы жабылып тынған. Қазір елдімекенде бір ғана отбасы тұрып жатыр. Ал бұрынғы мектеп ғимаратын сату үшін жергілікті әкімшілік былтыр 6 айы бойы аукцион өткізіпті. Бастапқыда 1 млн 600 мың теңге деп белгілеп, сатып алушы болмаған соң арзандата берген. Ақыры бір бөлке нанның бағасына бере салған.
Айгүл Бекбергенова, ауылдық округтің әкімі:
1 және 2 кезеңде қатысушы болмай, 3-әдіс - бағаны төмендету, яғни ҚР-ның бекітілген қағидасын пайдалана отырып, төменгі бағаны қолдана отырып сатылған кезде оның бағасы 213 теңгені құрады.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05