Депутат: Жасөспірімдерге әлеуметтік желіні шектеу керек
Балалар арасындағы әлімжеттік неге көбейді? Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желі мен онлайн ойындардың әсерінен дейді. Сондықтан ол кәмелет жасына толмағандарға әлеуметтік желіні шектеуді ұсынып отыр. Сондай-ақ депутат оқушыларға құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы жиі айтылуы керек деп санайды. Себебі оның салдарын білмей жасағандар болуы мүмкін. Ал мұндай қатігездікке жай ғана балалардың тентектігі деп қарамаған абзал. Жасөспірімдермен қатар ата-аналар да жауапқа тартылуы керек дейді ол.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір ата-аналар өзінің баласына тәрбие беруде бәрін мектепке жүктеп қойған. Мектеп жауапты, мұғалім жауапты. Сондай қасаң түсінік бар. Қазіргі біздің қабылдап жатқан заңдарымыз, жүзеге асырып жатқан шаралар ол ата-ананың жауапкершілігіне қарай орайластырған. Сен баланы дүниеге алып келдің бе, ол баланың кәмелет жасқа толғанға дейінгі тәртібіне, баланың тәрбиесіне кім жауапты, әрине ата-ана жауапты. Біз осыны да айтуымыз қажет.
Шархан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындарының» жетінші күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті
05.08.2026, 10:10
Астанада Жерұйық саябағы аумағында рейд жүргізілді
05.08.2026, 10:07
Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылады
05.08.2026, 10:07
Еліміздің 17 өңірі мен астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 10:06
Тойда теріс пікір айтқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
05.08.2026, 10:05
Алматыда жаңа стадионның құрылысы басталды
05.08.2026, 10:04
АҚШ-та қасақана өрт қойды деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды
05.08.2026, 10:04
Түркістан облысында Құрылтай сайлауында 952 учаске ашылады
05.08.2026, 10:03