Басты Жаңалықтар Елімізде өндірістік қауіпсіздікке жауапты кадрлар даярлау кенже қалған

Елімізде өндірістік қауіпсіздікке жауапты кадрлар даярлау кенже қалған

Елімізде өндірісте, кен орындарында қауіпсіздікті тексеретін, зерделеп зерттейтін мамандар жоқ. Себебі ешқандай оқу орны мұндай кадрларды даярламайды. Айталық еңбек заңына сай маманның кәсіби әлеуетін белгілейтін анықтама бар. Онда өндіріс қауіпсіздігіне жауапты қызметкерге қойылатын арнайы талаптар белгіленген. Яғни кәсіби инженер техниктердің білігінен тыс нормалар көрсетілген. Ал қазіргі жағдайда осы міндетті техникалық білім алған қарапайым инженерлер атқарып жүр. Мәселен Майқайың шұңқырының пайда болуының нақты себебі әлі анықталған жоқ. Жақында ғана «Жомарт» кенішінде болған апаттың да неден болғаны жайлы жорамал көбейіп барады. Бұл саладағы кәсіби мамандардың жоқтығының нақты мысалы дейді сарапшы.

Татьяна Подыма, МАЭС-1 стансасының өндірістік қауіпсіздік қызметінің басшысы:

Еңбекті қорғау деген бар. Бұл адами ресурстар мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарына жауап беретін маманның міндеті. Көбі осымен шатастырады. Ал өндірістік қауіпсіздік деген бөлек. Ол мамандар қауіп пен қатерге жауапты. Құрал-жабдықтарды пайдаланудан бастап оның қызмет көрсету мерзімін ұзарту, жөндеу жұмыстарының сапасы, жабық цех пен ашық шахта, жерасты кеніштерінің беріктігі солардың құзырында болу керек. Ондай маман даярлайтын оқу орны Қазақстанда жоқ.

Болат Аманбай

Бөлісу