Т.Тәжібаевтың 115 жылдығына орай көптомдық жарық көрді
Академик Төлеген Тәжібаевтың педагогика мен психология ғылымдарының дамуына қосқан үлесі ұшан теңіз. Алматыда ғалымның 115 жылдығына жиналған зиялы қауым өкілдері осылай деді. Осы орайда артына өшпес мұра қалдырған қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы Төлеген Тәжібаевтің еңбектері жинақталып, бес том болып басылып шықты. Кітаптың көпшілікке таныстырылымы өзі ұзақ жылдар жұмыс істеген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Шараға жиналғандар Төлеген Тәжібаевтің еңбектері қойылған көрмемен танысып, психология ғылымының бүгіні мен болашағына талдау жасады.
Алмасбек Мәуленов, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Әр кітаптың таралымы 1000 дана болды. Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе университеттерінен сұраныс түсіп жатыр. Өйткені бұл кітап өте қарапайым, түсінікті және классикалық үлгіде жазылған оқу құралы болып саналады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04