Пәтер жөндеуге қанша қаражат қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәтер жөндеуге қанша қаражат қажет?

09.02.2025

Жұмада Президент ірі бизнес өкілдерімен кездескен, қосылған құн салығын көтеру жоспарына орай былай деді:

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

Қосылған құн салығын көтеру, көтергенде 20 пайызға және айналымы 15 млн теңгеден басталатын бизнес субъектілерінен бастап салу жоспарына қоғам жұмсартып айтқанда аһ ұрған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

Сарапшылардың пікіріне қарасақ, былтыр күзге дейін жылжымайтын мүлік дейтін нарық тоқырап тұрған. Кейін түрлі ипотекалық несие бағдарламалар енгізіле бастағасын тірілгендей болған.

Алайда ол бағдарламалар жалпы халыққа арналмағасын шаршы метрдің бағасына анау айтқандай әсер етпеген. Дегенмен кей жерде 10, тіпті 15 пайызға дейін төмендеген. Иә, адамдарда артық ақша жоқ. Артық емес, ақша жоқ.

Жыл соңында «жұрт жаппай пәтер сатып алып жатыр» деген дүрбелеңге толы ақпарат шықты. Шын мәнінде бұл бірінші кезекте екінші нарық иелерінің шығарып отырған сыбысы деді сарапшылар. Елде жоқ ақша бір мезетте қайдан пайда болады? Тіпті алғашқы жарна төлей алатын адам аз.

Биыл қалай болады? Саланы білетін мамандардың пікірін оқысақ, біржақты пікір жоқ. Дегенмен мынадай факторлар баяндалады: инфляция. Бұл баға түзілуіндегі негізгі фактор. Инфляция өскен сайын баға да өседі. Металл, цемент, ағаштың әлемдік нарықтағы бағалары жоғары болып қалса, құрылыстың бағасы да төмендемейді. Сырттан тасылатын құрылыс материалдарының үлесі 60 пайыз дейді олар. Теңге құнсызданған сайын баға да көтеріле береді.

Астана, Алматы және Шымкентте тапшылық сезілуі мүмкін, себебі халықтың ірі қалаларға ағылуы үдеп барады. Ал тапшылық болса, баға да өседі. Сонымен бірге құрылыс компанияларына берілетін салық жеңілдігі алынып тасталса, ол нысанның бағасына қосылатыны анық.

Дегенмен бұған қарап тұрғын үй нарығында түңіліп кететіндей баға өседі деуге болмайды. Қайталап айтамыз, елдің төлем қабілеті төмен болса, баға аспандағанда қайда барады? Жалпы сатылатын нысандардың 70 пайызына дейін қолданыстағы пәтерлер деген ақпарат бар.

Мұның басты себебі – жаңа пәтерді жөндеуге де қомақты ақша керек. Қосымша тағы бір пәтер алуға болатын қаржы кетеді деген әшейін айтыла салмаған сөз бар. Иә, адамның өзінің баспанасының болуы өте маңызды дүние. Тіпті дәл сол сәтте қалған мәселенің бәрі ұсақ-түйек сияқты көрінеді.

Мысалы, пәтерді жөндеудің де бір реті болар деп ойлаймыз. Шын мәнінде өзі ипотекаға алынған пәтерді жөндеп, одан керек-жарағын алып кіру – жүйке жұқарып, шаш ағаратын процесс. Амангелді Сейітхан әрбір тармақ қосылған сайын «сабыр бер» дейтін жөндеу жұмысының орташа есебін шығарды.


Хабарламаларға жазылу