Ақтөбе облысында Есет батырға ескерткіш қойылды
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының орталығына Есет батырдың ескерткіші қойылды. Батыр мүсінін орнату үшін «Туған жер» акциясы аясында жергілікті екі кәсіпкер қаражат бөлді. Биыл даңқты қолбасшы Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл толуына орай өңірде түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр. Ал, тарихи тұлғаның мерейтойын атап өту қазан айына жоспарланған. Қандыағаш қаласында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Ол «жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу үшін тарихи батырларды ұлықтау - парызымыз», - деді.
Альбина ӘШІМ
Автор
Альбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18