2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банкроттыққа өтініш беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банкроттыққа өтініш беруге болады

30.12.2024

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банкроттыққа өтініш беру жалғасады. Бұл мүмкіндікті банк, микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бар жеке тұлғалар қолдануға құқылы.

Азаматтар соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру бойынша қызметке жүгіне алады. Мәселен, жыл басынан бері шаһарда банкрот деп тану үшін тұрғындардан 6500-ден астам өтініш түскен. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, талапқа сай келмеген 4200 азаматтың өтініші мақұлданбаған. Тек 737 жеке тұлға сот шешімімен «банкрот» деп танылды. Әлі де мыңнан астам өтініш қаралып жатыр. Банкроттықты өткізу мерзімі – 6 ай.

Мамандардың сөзінше, қарыз алушыға бірнеше талап қойылады. Егер сол шарттарға сай келсе, жеке тұлға банкрот деп танылады. Өтінішті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы платформаларда онлайн беруге болады.

Берік Каипов, Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

Азамат банкрот болса,оның салдары бар. Біріншіден, екінші деңгейлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қатарынан несие ала алмайды. Екінші жағдай бойынша 7 жыл, келесі банкроттық 7 жылдан кейін қолданылады. Одан кейін үшінші мәселе - банкрот болғаннан кейін 3 жыл қатарынан мүлік алып жатса, оған бақылау жүргізіледі. e-Gov платформасы арқылы немесе e-Gov mobile қосымшалары арқылы өтініш бере алады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу