Президент зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды
Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін қажетті шаралар қабылданған. Сондай-ақ, мемлекет басшысына апат себептерін тексеру барысы туралы баяндалды. Қазір Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадан Ақтауға медицина қызметкерлерін жіберіп, барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. Әрі зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді жүктеді.
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
