Динара Закиева: Балалар үлкендерге сенбейді
Елімізде 18 жасқа дейінгі 6 млн 800 мыңнан астам бала бар. Олардың 40 пайызы күн сайын жәбірлеу сипатындағы хабарламалар алады. Ол аз десеңіз, улану, суға бату, терезеден құлау, жол апаты, өрт сияқты түрлі жағдай салдарынан күніне 3 бала қайтыс болады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осылай дейді. Ол мұны ата-ана жауапкершілігінің аздығымен байланыстырады. Айтуынша, мектептердегі әр мың баланың 50-і көмекке мұқтаж. Олар үлкендерге сенуден қорқады. Бұл ата-аналардың бала тәрбиесінде белсенді болмауының және дұрыс қарым-қатынас жасауды білмеуінің салдары дейді.
Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:
Өткен аптада 111-ге 10 және 8 жастағы бойжеткендер хабарласып, анасының үйіне қайтқысы келмейтінін, әжесімен қалғысы келетінін айтып, арызданған. Нәтижесінде қыз өгей әкесі тарапынан жыныстық қол сұғушылық туралы айтқан. Зорлық-зомбылық туралы ол анасына айтқан, бірақ оған сенбеген. Бала маған ешкім сенбейді деп қорқып, ешкімге айта алмаған. Балалардың өмірі мен тағдыры талқандалған мұндай жағдайлар мыңдап кездеседі. Сондықтан кез келген жағдайда біз баланың жағында екенімізді, оның пікірі мен қауіпсіздігі ата-ана үшін маңызды екенін айтуымыз керек.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03