Ақтауда мектеп оқушысынан туберкулез анықталды
Ақтауда мектеп оқушысынан туберкулез анықталды. Нөмірі 28-жалпы білім беру мектебінде оқитын 16 жастағы жасөспірім екінші тоқсан басталғалы ауырып, сабаққа келмеген. Дәрігерлер оған диагнозды қарашаның 25-і күні қойды. Оқушы қазір ауруханада. Жағдайы қалыпты. Тиісті ем-домын алып жатыр. Ал осы оқиғадан кейін мектепте дезинфекцекциялық шаралар басталған. Мамандар мұғалімдердің медициналық кітапшаларын тексеріп, оқушының сыныптастары мен ұстаздары түгел дәрігерлік тексеруден өтіп жатыр.
Гүлниса Жоламанова, № 28 жалпы білім беру мектебі директорының міндетін атқарушы:
Сақтық шараларын жасап, сыныбындағы оқушыларды түгел флюраға түсірдік. Ата-анасының рұқсатымен бүгін барлығына манту салынды. Байланыста сабақ беріп жүрген мұғалімнің барлығы флюраға түсіп келді, барлығы таза. Ешқандай қауіпті ешнәрсе жоқ. Енді сыныбында сақтық шараларын, дезинфекция шаралары бәрі жасалып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19