Президент Тоқаев Сербияға сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Тоқаев Сербияға сапармен барды

24.11.2024

Будапешттің алдында президент Сербияға барған.

Югославияның қалай бөлініп кеткенін, ондағы қырғын соғысты білеміз. Этникалық, ұлтаралық араздық дегеннің қан төгіліп, сұмдық соғысқа ұласатыны кезекті рет дәлелденген еді.

Қазір алты мемлекет - Босния мен Герцеговина, Хорватия, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия, Словения тіршілік қылып жатыр. Және Косово бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу шарасында хаттамаға сай мәртебелі мейманға көрсетілетін бар жоралғы жасалды. Салтанатты рәсімнен кейін келіссөздер басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Нақты неге мән берді десек, мысалы, ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық бойынша перспектива бар.

Сербия президенті Александр Вучич «Әртүрлі салада бірқатар келісімге келдік. Соның негізінде екі елдің түпкілікті мүдделеріне сай келетін бірлескен жобалар жүзеге асырылады. Мен досым, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сербиямен ықпалдастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысымды айтамын, деді.

Ал, барыс-келіс үшін тараптар Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсін ашу маңызды екенін біліп отыр. Сапар аясында бас-аяғы 10 құжатқа қол қойылды.

Бұл жолғы еуропалық турне алмамен ассоциация беретін болды. Мажарстан президенті Тамаш Шуйок Қазақстан басшысымен кездескенде «Алматы қаласының атауы біздің ана тілімізде әуезді естіледі. Өйткені халқымыз алманы «алма» деп айтады, – деген.


Хабарламаларға жазылу