Қаржылық мониторинг агенттігі біліктіліктерін арттыруда
Қаржылық мониторинг агенттігі құрамына 170 ел мен мемлекеттік құрылымдар кіретін «Эгмонт» халықаралық ұйымымен бірлесіп, үш күндік семинар өткізді.
Сарапшылар стратегиялық талдау жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы жаңа трендтерді, заңдылықтар мен үрдістерді анықтау бағытын талқылады. Ал шетелдік мамандар саладағы халықаралық ұйымдар ұсынған ережелер мен нормалардың белгіленген жүйесі туралы айтып, оны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Данат Байболатов, ҚМА басқарма басшысы:
«Эгмонт» халықаралық ұйымы стратегиялық талдау тәсілдеріне қатысты іс-шараларды ұйымдастырады. Бұл талдауды жүргізетін мамандар айтарлықтай тәжірибелі. Шетел сарапшылары стратегиялық талдауды қалай жүргізетіні, олардың мәселеге қалай қарайтыны бізге қызық. Талдаудың өзі өте маңызды. Біз осы арқылы заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру бойынша кейбір тенденцияларды, күмәнді тұстарды анықтауға мүмкіндік аламыз.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03