Қазақстан мен Грекия өзара байланыстарды тереңдетуге дайын
Дәл осы Бакуде Мемлекет басшысы бірнеше маңызды кездесу өткізді. Солтүстік Македония Республикасының Президентімен, Грекия және Хорванияның премер-министрлерімен екі жақты қарым-қатынасты және ықпалдастықты тереңдету тетіктерін талқылады. Кездесулердің бірқатарына шолу жасасақ.
Дүниежүзілік климат саммиті аясында Мемлекет басшысы Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайту жайы сөз болды. Өзара сауда-саттықты әртараптандырудың маңыздылығы да айтылды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды.
Ал, Солтүстік Македония Республикасының Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесуі кезінде, Қасым-Жомарт Тоқаев басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Македония Президенті екіжақты байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, еліміздің халықаралық аренадағы рөліне жоғары баға берді. Қос елдің басшылары сауда виза режимін оңтайландыру мәселесін талқылады.
Мемлекет басшысы Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичпен де кездесті. Президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі деп атады. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Премьер-министрін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07