Басты Жаңалықтар Белгілі суретші Николай Рерихтың туындылары Астанаға әкелінді

Белгілі суретші Николай Рерихтың туындылары Астанаға әкелінді

Орыс суретшісі Николай Рерихқа арналған Америкадағы жалғыз мұражай тұңғыш рет Астанада көрме өткізді. «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі музейінен алынған жауһарлар» көрмесіне атақты суретшінің 1920-40 жылдары жарыққа шыққан 37 жұмысы қойылған. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, БҰҰ-ның Қазақстандағы Миссиясының және Қазақстан мен АҚШ Елшіліктерінің ресми қолдауымен өткізілген шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Бөлісу