Басты Жаңалықтар Өскеменде қолөнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Өскеменде қолөнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Сайысқа Семей, Өскемен, Риддер, Зырян қалалары мен Катон-Қарағай, Ұлан, Абай аудандарынан жиналған 40-қа жуық шебер қатысты. Дәстүрлі шараның өңірде өткізіліп жатқанына биыл 10-жыл. Бұл жолғы байқау Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған. Қатысушылар «Дәстүрлі қолөнер шебері», «Жоғары сапалы шебер» және «Жас шебер» номинациялары бойынша таңдалды. Басты талап – жасалған бұйымдардың сапалылығы мен ұлттық нақышта өрнектелуі. Туындыда шығыс өңірінің көрініс табуы да құпталды. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені семейлік Гүлмира Айғожина жеңіп алды. 

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Бөлісу