«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жыл сайынғы ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізді. Шарада донорлар, қорлар және жергілікті билік органдары арасындағы бірлескен жұмыстарды нығайту, сондай-ақ компанияларды әлеуметтік бастамаларды іске асыруға ынталандыру тәсілдері талқыланды. Өз сөзінде Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 92 қайырымдылық бағдарламаны жүзеге асырып, 180 млрд теңгеге жуық жекелеген қайрымдылық ісін ұйымдастырғанын атап өтті. Конференцияда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, спорт және мәдениет салаларына жұмсалған қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етудің тетіктері де қаралды.
Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы:
Бүгін бізде ұлттық қайырымдылықтың үшінші конференциясы басталады. Бірінші конференцияда қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдармен бірлесе отырып, қорымыздың жұмыс концепциясын әзірледік. Екінші конференцияда біз барлық аймақтарды аралап, қайырымдылық жобаларының аймақтық карталарын бекіттік. Ал үшінші конференцияда біз ірі қайырымдылық жасаушылармен, меценаттармен, сондай-ақ 100-ден астам бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырған серіктестерімізбен бірлесе отырып, алдағы жоспарларымызды талқылаймыз.
Серік Жұмабек