Энергетикалық кәсіпорындар алдағы жылыту маусымына дайын. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов осылай дейді. «Биыл елдегі электр станцияларында 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазір 5 энергоблок пен 30 қазандық және 26 турбина толық жөнделді. Қалған 4 энергоблок пен 24 қазандық және 18 турбина жөнделіп жатыр», - деді ол.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Жылу маусымын бастауға жылу орталықтары дайын. Жылу маусымы басталатын айға керек, тиісті барлық қазандық пен турбиналар дайындығы толық. Резервтік мәселені айтып талқылап жатырмыз, ол жұмыстар осы қазан айында толық аяқталады деген сенім бар.
18,6 мың шақырым электр беру желілері, 351 кіші станция және 3851 тарату пункті мен трансформаторлық станциялар жөнделген. Отын қоймаларында 4,7 млн тонна көмір және 89 мың тонна мазут қоры бар. Ал, жылыту маусымы әр өңірдегі ауа райына байланысты басталады. Ереже бойынша 3 күн мерзімде +8-ден төмен орташа температура болса, әкімдік өздері шешім қабылдайды.
Серік Жұмабек