Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау басталады

18.09.2024

Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналау науқаны келесі айда вирустың эпицентрі болған Конгодан басталады. Африкада ауру жұқтырған 5500-ге жуық науқастың 90 пайызы осы елде тіркелген. Олардың көбі 15 жасқа дейінгі бала. Жауаптылардың айтуынша, індеттің алдын алу үшін мемлекетке вакцинаның 3 миллионнан астам дозасы қажет. Дүниежзілік денсаулық сақтау ұйымы да қолдау білдіретінін жеткізді.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

Маймыл шешегіне қарсы вакцинаның сынақтан сәтті өтуі - Африкадағы індет жағдайында да, болашақта да бұл аурумен күресудегі маңызды қадам. Енді бізге инфекцияның алдын алып, оның өршуін тоқтату үшін вакцинаға мұқтаж елдерді теңдей қамтамасыз ету керек. Екпені сатып алумен бірге қайырымдылық шараларын көбейту маңызды.

Айта кетейік, MVA-BN вакцинасы 18 жастан асқандарға 4 апта аралықпен екі иньекция түрінде егіледі. Сарапшылар дәріні нәрестелер мен жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен иммунитеті төмен адамдарға рұқсат етпейді. Алайда вирус жұғу қаупі жоғары аймақтарда профилактика мақсатында қолдану үшін ұсынады. Екпенің бір реттік дозасы 76 пайыз, ал екі дозасы 82 пайыз тиімді деп бағаланған

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу