Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
Қостанайда жастар Тобыл өзенін бойлай, қоқыс жинап жарысты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – қалдық сұрыптау мәдениетін қалыптастырып, жастар арасында экологиялық жауапкершілікті дәріптеу. Ойынға 50-ден аса ерікті қатысты. Олар белгіленген аумақты қоқыстан арылтып қана қоймай, жиналған қалдықтарды түріне қарай іріктеп, дұрыс сұрыптау мәдениетін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Нұрсұлтан Дауылбай, Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығының маманы:
Акция барысында жастар айналаны таза ұстауды ғана емес, қоқысты сұрыптауды да үйренеді. Мысалы, шыны бөтелкелер мен пластик қалдықтарды бір бөлек, резеңке бұйымдарды екінші бөлек жинайды. Сондай-ақ басқа да қалдықтарды түріне қарай сұрыптап, оларды дұрыс жинауды үйренеді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21