Басты Жаңалықтар ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті

ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті

Елімізде 2 милллион 600 мыңға жуық ардагер бар.Олардың 500 мыңға жуығы әлі еңбектен қол үзбеген. Осы аға буын өкілдерінің іскерлік тәжірибесі әр салада қажет. Әсіресе ұрпақтар сабақтастығында ерекше орын алады. Сондықтан республикалық Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстанда арнайы басқосып, алда атқарылар жұмысты пысықтады.

«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұрпақ тәрбиесі мен сабақтастығын жалғастыруда 7 бағытта жұмыс істейді. Ол ұлттық құндылықты ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Бұл тұрғыда шығыста біраз ілкімді істер атқарылып жатыр. Аға буын әсіресе қоғамдық-саяси жұмыстарда үнемі алдан көрінеді.

Нұрымбет Сақтағанов, Облыс әкімі:

Осы ардагерлер қауымының белсенді қатысуымен ҚР-ның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда біздің облысымыз көшбасшы үш облыстың қатарына енуіне осы үлкен алдыңғы қатарлы ағаларымыздың үлесі зор деп айтқым келеді.

Қазір шығыста ардагерлердің жұмысын үйлестертін 13 аудандық кеңес және 471 бастауыш ұйымы жұмыс істейді. Оған 130 мыңнан астам адам мүше. Олар барлық саламен тығыз байланыста.

Нәзигүл Шоматова, Алтай аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы:

Ауданда шежіре мектебі, әжелер алқасы. Ақсақалдар алқасы белсенді қызмет атқарып жатыр. Қазір барлық мектептерде әжелер мектебі ашылған. Аталар мектебі қызмет жасайды.

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып жатқан жобалардың мәні мен мазмұнын жастарға түсіндіруді міндет санайды. Ол үшін әр ауыл, аудан, қалдағы аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдардың орны ерекше.

Әбілғазы Құсайынов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Мемлекет басшысының кітап оқитын ұлт, «Алтын орда» басқа да құндылықтар. Ол міндетті түрде орындалатын құндылықтар оған жұмылып жұмыс жасауымыз керек.

Жұдырықтай жұмылып жұмыс істеген бірқатар азаматтарға республикалық ардагерлер ұйымының төсбелгісімен марпатталды.


Бөлісу