Еңбек нарығында оң динамика байқалады
Жұмыс іздеген азаматтарға енді жасанды интеллект көмектеседі. Павлодар облысында іске қосылған жаңа цифрлық қызмет тұрғындарға білімі мен тәжірибесіне сай бос жұмыс орындарын ұсынбақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында биылғы жоспардың орындалу барысы айтылды. жауаптылар жыл соңына дейін 548 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Қазір бұл міндеттің 46 пайызы орындалған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмыссыз азаматтарды қолдау жоспарына 35 мыңнан астам адам енген. Бүгінде олардың 8 жарым мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан, тағы 12 мыңға жуық азамат жұмыс тапқанына байланысты есептен шығарылған. Сонымен қатар оқымайтын әрі жұмыс істемейтін NEET санатындағы жастардың 6,7 пайызға төмендеген. Кеңес қорытындысында Аида Балаева осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар педагогтер мен медицина қызметкерлерін еңбекпен қамтуға қатысты қосымша шаралар әзірлеу міндеті қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы