Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды. Қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері күрделі операция жасап, оның өмірін сақтап қалды. Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Мамандар жаз мезгілінде мұндай оқиғалар жиілейтінін айтып, ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің бас-миы жарақаттанып, бел омыртқасы сынған, ал сан сүйегі екі жерден шытынаған. Жағдайының ауырлығына байланысты оны бірден операцияға алу мүмкін болмаған. Науқас үш күн бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдап, жағдайы тұрақтанған соң екі кезеңнен тұратын күрделі хирургиялық операция жасалған.
Айдын Ізтілеуұлы, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі:
Бел омыртқасында тұрақтандыру болды. Соған байланысты транспедикулярная фиксация деп аталады. Бірінші беломыртқасының жұлын бойын босату. Ота 4 сағатқа созылды. Екінші этапқа сан сүйектерін гипкий стержень дейді. Бұл да тұрақтандыру мақсатында жасалған операция.
Мамандар балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ бүлдіршін өздігінен аша алатын терезелердің де аса қауіпті екенін, масаға қарсы торларға сенуге болмайтынын ескертеді. Себебі, олар баланың салмағын көтере алмайды. Арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Жыл басынан бері 169 бала терезеден құлап кеткен
Арман Саданов, ҚР Ішкі істер министрлігінің комитет төрағасы:
Әсіресе, 2 мен 5 жас аралығындағы балалар қауіп-қатерге жиі ұшырайды. Жыл басынан бері елімізде балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркелген. Оның 14-і қайғылы оқиғамен аяқталды.
Осындай жазатайым оқиғаны болдырмас үшін қолға алатын тиімді жолдаржың бірі – арнайы қауіпсіздік құрылғыларын орнату. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары мұндай қорғаныс жүйелеріне сұраныс айтарлықтай артқан.
Айдар Байдәулетұлы, терезе орнатушы шебер:
550 килограммға дейінгі салмақты ұстайды. Маңызы өте зор. Балалар үшін орнатып қоятын болса бір орнатылған нәрсе көп жылдарға дейін өз жұмысн атқарып береді. Соңғы жылдары сұраныс көп. Мысалы, былтырғы жылдан биыл көбірек деп айтсам болады. Себебі, халық мұның пайдасын көріп, орнатуға шешім қабылдап жатыр.
Қазір бесінші қабаттан құлаған төрт жасар баланың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер күрделі нейрохирургиялық операцияның арқасында оның қозғалу қабілетін сақтап қалды. Қазір бүлдіршін үйіне шығарылған. Бір айдан кейін емін жалғастырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы