4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
172 мыңнан астам қазақстандық донорлыққа қатысты шешімін электронды үкімет порталында тіркеген. Оның 16 мыңы ағза доноры болуға келіссе, 156 мыңнан астамы бас тартқан. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 5 мың адамға көп. Дегенмен ағзаға мұқтаж жандардың саны әлі де азаймай отыр. Дәрігерлердің айтуынша, трансплантацияға болуға келісім берген азаматтардың барлығы бірдей нақты донор бола алмайды. Себебі әр жағдай медициналық талаптарға сай жеке қаралады.
172 мыңнан астам қазақстандық донорлыққа қатысты өз таңдауын электронды үкімет порталында тіркеген. Олардың 156 мыңнан астамы донор болудан бас тартса, 16 мыңы келісім берген. Бұл - 2023 жылмен салыстырғанда 5 мың адамға көп. Алайда трансплантацияға мұқтаж жандардың саны да азаймай отыр. Дәрігерлердің айтуынша, донор болуға келісім бергендердің бәрі бірдей нақты донорға айналмайды. Тақырыпты тілші тарқатады.
Жәнібек Оспанов – Қазақстанда жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы адам. 2012-ші жылы донор жүрегінің арқасында толыққанды өмірге оралған. Бүгінде өзі секілді ағзасын ауыстырғандарды оңалту және олардың құқықтарын қорғаумен айналысатын алғашқы қоғамдық бірлестік құрып, донорлықты кеңінен насихаттап жүр.
Жәнібек Оспанов, «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
Қоғамдық бірлестігіміз түрлі қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, трансплантацияның маңыздылығы мен артықшылықтары туралы халыққа дұрыс әрі сенімді ақпарат жеткізуге күш салады. Трансплантациядан кейін де адамның толыққанды өмір сүре алатынын, еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізе алатынын көрсетуді мақсат етеміз.
Бір мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады. Алайда Қазақстанда бұл мүмкіндік әлі де толық пайдаланылмай келеді. Бүгінде трансплантацияға мұқтаж 4 мың 739 адам күту парағында тұр. Оның төрт мыңнан астамы – бүйрек алмастыруды қажет ететін науқастар.
Мэлс Асықбаев, Ұлттық ғылыми онкология орталығының трансплантация секторының жетекшісі:
Неліктен бүйрек трансплантациясына пациенттер көп? Оған қосымша ретінде пациенттер өмірін ұзарту үшін диалез процедурасын алады. Сол диалез арқылы өмірін ұзартып, трансплантацияға мұқтаж науқастар саны өсіп келе жатыр. Мәйіттік трансплантацияны дамытатын болсақ, маңызын түсіндіретін болсақ, күту парағында тұрғандарға трансплантация жасалынып, қалыпты өмір қалыптасады.
Қазір елде 11 трансплантация орталығы мен 5 арнайы зертхана жұмыс істейді. Сондай-ақ, үш деңгейлі үйлестіру жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде соңғы жылдары трансплантация қызметінің қолжетімділігі артқан. Бірақ қоғамда донорлық мәдениет әлі де толық қалыптаспай келеді.
Назгүл Жылгелдина, ҚР ДСМ Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары:
Қазақстанда әлі 80 пайызы туыстық донор болып келеді, 15-20 пайызы мәйіттік донорлар. Ал, әлемде керісінше, 80-90 пайызы - мәйіттік донорлар, 15-20 пайызы туыстық донорлар. Біздің мақсатымыз болашақта жету мақсатымыз мәйіттік донорлар болу керек. Донорлықтың мәдениеті бізде әлі қалыптаспаған. Сол себепті ақпараттандыруды кеңінен жасау керек.
Күту тізіміндегі мыңдаған адам үшін уақыт - ең қымбат ресурс. Сондықтан мамандар донор болу өзгеге өмір сыйлайтын мүмкіндік екенін еске салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы