8 айдың ішінде 21 мың адам жол апатына ұшыраған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 айдың ішінде 21 мың адам жол апатына ұшыраған

16.09.2024

Биыл 8 айдың ішінде 21 мыңнан астам адам жол апатынан зардап шеккен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83% көп. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлайды.

Ал ІІМ «Жүргізушілер өз жауапкершілігін түсініп, жол қағидаларын қатаң сақтамайынша апаттың алдын алу мүмкін емес» дейді. Жыл басынан бері полиция 495 мың шақырым жолға 32 мың тексеру жүргізіп, 57 мыңнан астам ақау анықтаған. Тиісінше автокөлік жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды бұзған 4 мыңнан астам лауазымды және заңды тұлға жауапкершілік арқалады. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі қаралым үшін қайғылы жағдайды таспаға түсіріп жариялау да құқық бұзушылық болып саналады.

Шыңғыс Алекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Cоңғы уақытта әлеуметтік желілерде елді мекендерде жүргізушілердің өрескел заң бұза отырып, көлік басқарғаны туралы видеолар жиі кездесуде. Олар мұны қаралым жинап, рейтинг көтеру үшін жасайды. Ағымдағы жылдың 8 айында әлеуметтік желілерде 80-нен астам осындай жарияланым анықталды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу