Шахматтан «Senat Open» республикалық турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан «Senat Open» республикалық турнирі аяқталды

31.08.2024

Астанада шахматтан «Senat Open» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 2 мыңнан астам әуесқой шахматшы қатысты. Олардың қатарында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері және БАҚ өкілдері бар. Турнир Парламент Сенатының қолдауымен және Шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Іріктеу сәуірде басталып, әрі өңірден үздік 25 ойыншы солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық болып аймақтық принцип бойынша құрылған жартылай финалда ойнау мүмкіндігіне ие болды. Солардың арасынан финалға 120-дан астам шахматшы Астанаға жолдама алды. Олар 9 раундтық рапид қорытындысы бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Жартылай финалға 500 шахматшы шықса бүгінгі финалдық кезеңге 120-дан астам қатысушы келіп отыр. Осы ретте финалдық ойындар Астанада басталатын көшпенділер ойыны қарсаңында өтуінің де синволикалық маңызы зор екенін атап өткім келеді.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу