Ядролық-физика мамандарын даярлайтын ғылыми база бұрыннан бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядролық-физика мамандарын даярлайтын ғылыми база бұрыннан бар

31.08.2024

Қазақстандағы техникалық жоғарғы оқу орындарында ядролық физика саласына маман даярлаудың ғылыми жүйесі бұрыннан қалыптасқан. Оған дәлел Өскемендегі уранды өндіріп оны байытатын ең ірі зауытта жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің 90 пайызы соңғы жылдары еліміздегі университеттердің түлегі. Егер АЭС салынса оқу орындары нақты квалификация жасап, қажетті кадрларды даярлауды бірден қолға алмақ.

Ядролық-физик мамандарын даярлаудың ғылыми үрдісі бұрыннан бар. Университет бітірген жас кадрлар арасында атом-энергетикасын зерттеп, теория мен тәжірибені ұшатастырып жүргендер де көп. Сондықтан жоғарғы оқу орындары өзара әріптестікті нығайтқан.

Сәуле Рахметуллина, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

Әрине біздің университет ядролық физика университетімен Алматыдағы орналасқан және Курчатовтағы ядролық орталықпен тығыз байланыста. Біздің студенттерге осы екі орталықтың базасында ол біздің практикалық база. Үлбі металлургия зауытының 30 пайызы мамандардың ішіндегі біздің түлектер. Осыдан ақ осы саладағы мамандарды даярлауға дайын екеніміз көрініп тұр.

Дайын мамандардың алған білімін өндірісте тәжірибемен ұштастыруы ең негізгі мәселе. Бұл тұрғыда Өскемендегі зауыттың өз ғылыми орталығы бар. Сол орталықта уран таблеткаларымен жұмыс істеуді бастайды.

Манарбек Қылышханов, зауыттың ғылыми орталығының басшысы:

Біздің зауытта оны қалай жасайтынын және қандай жабдықтармен қалай қолданатынын білеміз. Ал таблеткалардың бір-бірінен айырмашылығы ол геометриялық өздерінің өлшемі және структураларында болады. Соған байланысты ондай мүмкіндік болады, - деп ойлаймын.

Қазір еліміздегі ғылми орталықтарда 3 реактор бар. Шетелдегі атом саласының мамандары да сол жердегі ғылыми базада тәжірибе алмасады. Ал біздің ғалымдар да шет елге жиі шығып тұрады.

Ернат Қожахметов, PhD докторы:

Мына мен өзім Жапонияда болған кезде олар да үлкен мекеме трениг орталық дейді. АЭС-тің пульті. Сол жерде барлық процес моделденеді. Біз қазір басын бастап мамандарымызды даярлап кейіннен тренинг орталық біреу болса да Қазақстанда болу керек. Мамандар сол жерде квалификациясын дәлелдеу керек.

Жалпы әлемде қазір қырықтан астам атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. 440-аса энергетикалық реактор бар. Ал Орталық Азия мемлекеттері ішінде Өзбекстан шағын АЭС салуды бірінші болып бастады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу