Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов «ҚР маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулыға қол қойды. Құжатта жеке қорғану құралдарының, дәрілік заттардың және дезинфекциялық құрылғылардың ең аз қорын дайындау, зертханалар мен қажетті ПТР-тест жүйелерін әзірлеу және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып оқу-жаттығулар өткізу сынды т.б міндеттер көзделген. Бұған қоса Қаржы министрлігіне мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту тапсырылды. Қаулы ертеңнен бастап күшіне енеді.
Жанат Жамалбекова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Қаулы бойынша маймыл шешегінің Қазақстанға әкелінуінің және оның таралуының алдын алу бойынша қолайсыз елдерден келетін азаматтарды 21 күн бойы мониторингтейді және олар клникалық белгісі немесе температурасы анықталған жағдайда оларға зертханалық зерттеулер жүргізіліп, олармен контактіде болған адамдардың бәрі тексеріліп инфекциялық ауруханаға оқшауланады.
Серік Жұмабек