Халықтың жағдайын бағалау үшін арнайы сауалнама жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың жағдайын бағалау үшін арнайы сауалнама жүргізіледі

27.08.2024

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз отырысында айтылды. Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу, Халықаралық үй шаруашылығын зерттеу бағдарламасы. Ол халықтың жағдайын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында жүргізіледі. Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту туралы ақпарат жинайды. Биылғы зерттеуде 20 өңірдегі 24 мың үй шаруашылығын қамту жоспарланып отыр. Анонимді сауалнама 29 қарашаға дейін жүргізіледі. Оған қатысу немесе қатыспау азаматтартың өз еркінде. Респонденттер кез келген сұраққа жауап беруден бас тарта алады. Алынған ақпарат тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылады. Бұған қатысты толық ақпарат алу үшін 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу